jasqazaq.kz

Жемқор қызметкерлермен ҰҚК күресетін болады

15 ақпан 2017, 13:11

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу құқығын беру ұсынылып отыр.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнаулы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істерді тергеу құқығын беру ұсынылып отыр. Аталған түзету олардың қызметтерінің ерекшелігімен сипатталуда, сондай-ақ осы санаттағы істер бойынша баламалы теңгерімді қамтамасыз етеді»,-деді Меркель «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында. Сонымен қатар заң жобасында Қылмыстық-процестік кодексте прокурордың шешімдеріне тергеушінің шағым жасау құқығын кеңейту ұсынылады. Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде