jasqazaq.kz

Жемқорға рақымшылық жасалды

02 ақпан 2017, 15:17

Қостанай облысы Жітіқара ауданында 400 мың теңге жымқырған 37 жастағы ЖШС қызметкері рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Қостанай облысы Жітіқара аудандық соты айыпталушы азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс өндірісін рақымшылық бойынша тоқтатты.

Іс материалдары бойынша, 2012 жылы 13 тамызда Жітіқарадағы шағын несие беру ұйымының қызметкері қарызын өтеуге келген борышкердің 300 мың теңгесін алған және түбіртек берген. 300 мың теңге көлемінде алынған қаражатты әйел өз қажеттіліктеріне жаратқан. Жымқыру дерегін жасыру мақсатында, ол борышкер атынан ұйым кассасына жымқырылған қаражаттың бір бөлігін салған (47 мың теңге). Қалған 253 мың теңгені әйел өзі иемденген. Өзге эпизод бойынша, 2012 жылдың қазан айында ЖШС қызметкері 35 теңгені иеленіп алған. Азаматша Н. жасаған бұл қылмыстық құқықбұзушылық орташа деңгейдегі қылмыс болып саналады. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, орташа деңгейдегі қылмыс жасаған және кәмелетке жасқа толмаған балалары бар әйелдердің қылмыстық іс өндірісі тоқтатылады.

Ақпарат көзі: kostanaytany.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде