jasqazaq.kz

Желіде оралдық жігітті Роналдиньомен салыстырды (видео)

16 сәуiр 2017, 16:32

Әлеуметтік желіде қолданушылар Айболат Құбашевті жергілікті Роналдиньо деп атап кетті. Ол футбол фристайлымен шұғылданып жатқан жерлерін видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялаған.

Айболат 19 жаста, 3,5 жылдан бері футбол фристайлымен айналысып келеді. Ол жаттығуларды Ғаламтордағы роликтерге қарап, өздігінен жасайды екен. «Бұл да бір спорт түрі, бірақ көбінесе шоу ретінде шығар. Мен спорттың осындай түріне қатты қызықтым. Ғаламтордан роликтерді көре бастадым. Атақты Роналдиньо есімді футболшы бар, мен соның өнерін көріп, мен неге осыны үйренбеймін деп ойладым. Мен жалғыз өзім үйрендім, ешкім жаттықтырған жоқ. Футбол ойнағанмын, қазір тастап кеттім», — дейді Құбашев. Қазіргі уақытта жас талант Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде спорт факультетінде оқиды және футбол фристайлымен шұғылданады екен. Tengrinews.kz хабарлағандай, ол өзінің осы бастамасын қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді. «Барлықтарыңызға рақмет. Мен осы бағытты дамытсам деймін, себебі Қазақстанда әзірге мұндай жоқ. Бірақ мамыр айының басында Астанада футбол фристайлынан жарыс ұйымдастырылады, соған қатысамын», — деді Құбашев.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде