Рио Олимпиадасы өтіп жатқан күндері қазақстандықтар спортшыларды тек трибуналар мен теледидар экраны арқылы ғана емес, өздерінің шығармашылықтарын арнау арқылы да қолдау көрсетіп жатыр. Соның бірі – шоумен Арслан Жұмашев дайындаған музыкалық ролик.
«Біздің чемпиондарымыз Рио төрінде жеңіске ұмтылып, аянбай тер төгіп жатқандарын көріп, өз еліңді, сол спортшылардың әрқайсысын мақтан тұтасың. Өйткені, олар ел мерейін асқақтату үшін бар күш-жігерлерін жұмсауда», – дейді видео авторы.