jasqazaq.kz

Желіде аюды азаптап өлтірген күдіктіден жауап алынды (видео)

29 желтоқсан 2016, 9:40

Интернетте Саха Республикасында аюды өлтіргендердің бірінен жауап алу сәті түсірілген видео пайда болды.  Жануарды басып өлтіріп, жұрттың наразылығын тудырған азаматтар өз қылықтарын «қорғаныс» деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ер адамдардың айтуынша, вахташылар жануармен суретке түсу үшін оның соңынан 200 метрдей жүрген. Нәтижесінде аюды «шағын қалташаға» қуып-тығу мүмкін болған. Бұдан әрі жыртқыштың артқы жағынан екінші көлік келіп тоқтаған. Аю жолдың бойына отырып алып, оның жолын бөгеген. «Ол төрт аяғына тұра бастағанда барлығы қорқып, қашып кетті. Жүргізуші сасқалақтап, аюға қайра жүре бастады. Аю жолдан кетіп, оппы қарларға қарай қашты. Жүргізуші оны қорқыту үшін артынан жүре берді. Адамдар жолдың бойында қалды», — деп еске алды күдікті. Ол жүргізуші аюды басқан, не баспағанын көрмегенін айтқан. Бұдан кейін күдікті аюды суретке түсірмек болып, оның жанына келген. Бірақ таяна берген кезде жыртқыш аяғына тұра бастаған. Автокөліктер оған көмектесу үшін «фотографқа» қарай жүрген. Нәтижесінде, аң екі «Урал» көлігінің астында қалған. «Аю екі машинаның арасында қысылып қалған екен. Жігіттер сыртқа шығып, суретке түсіре бастады. Аю бой көтеруге тырысты. Мен қолыма бір нәрсе беруді сұрадым, олар маған лом берді, мен оны бір ұрдым. Одан кейін жігіттерден машинаға қайыра отыруды сұрадым. Себебі аю орнынан тұрса жақсы болмайтынын ескерттім», — деді ер адам. Аю тынышталғаннан кейін көліктер оның жанынан кеткен. Оның сөзінше, жартқыш тағы 50 метр жүріп барып, қарға басымен құлаған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, интернетте аюды екі «Урал» көлігімен басып, оны металл темірмен ұрып өлтірген кадрлар көрсетілген видео пайда болды. Ролик әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жануарды өлтіру бойынша тергеу жұмыстарын Якутияның табиғатты қорғау министрлігі мен прокуратура жүргізуде.

 

https://www.youtube.com/watch?v=wmtXyggpKTM

https://www.youtube.com/watch?v=uOLaLLTrSxU

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде