jasqazaq.kz

Жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылды

19 қараша 2024, 11:03

Олжас Бектенов қаржы министрінің белгілі бір санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайызын декларация тапсырудан босату туралы ұсынысын қолдады.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды.
Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, қаржы министрі Мәди Такиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдар, квазимемлекеттік сектор басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары енгенін хабарлады.

Қалған санаттағы азаматтардың (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) 8 млн-ға жуық адамның декларация тапсыру міндеттеріне қатысты қаржы министрі деректер базасын цифрландыруды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ескере отырып, аталған санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырудан босатуды ұсынды.

Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына әсер етеді. Декларациялауды келесі санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР тысқары жерлерде активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК (74 млн теңге) астам сомаға сатып алулар жасаған; дербес салық салынатын табыс алған.

Азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетінін атап өткен жөн.
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды және оларды Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.

«Қазір декларацияны 4 млн-нан астам адам тапсырады. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы барлық қалған санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар.

Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базалардан, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткені жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын», — деп атап өтті Премьер-министр.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде