jasqazaq.kz

Жеке емханада МӘМС аударымын пайдалануға рұқсат беріледі

11 шiлде 2023, 14:11

Алдағы уақытта тұрғындарға жеке медициналық ұйымдарда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы емделу мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында жазылған.
Онда: «Бүгінгі таңда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер аз қаржыландырылады. Бұл осы қызметтердің сапасынан байқалады. Осылайша, халық неғұрлым жедел және сапалы бал алу мақсатында жеке медициналық ұйымдарға жүгінеді. Алайда, олардың құны мемлекеттік емханалармен салыстырғанда 2-3 есе қымбат. Осыған қарамастан, халық жеке емханаларға белсенді түрде жүгінеді, бұл ретте азамат ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударылатын қаражатын пайдалана алмайды. Осыған байланысты, халыққа өзінің әлеуметтік аударымдарын пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында жеке емханалардағы медициналық қызметтерге бірлесіп төлеу тетігін енгізу қажет. Осылайша, халыққа медициналық қызметтер үшін айырмашылықты қосымша төлеуге мүмкіндік беріледі», — делінген.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, мұндай жүйені енгізу азаматтардың сапалы қызмет алуына және жеке медициналық емханалардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етпек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі