jasqazaq.kz

16 млн адамның жеке деректері желіге тарап кеткен: ЦДИАӨМ тексеру жүргізіп жатыр

17 маусым 2025, 10:40

Әлеуметтік желіде 16 млн адамның жеке деректері желіге тарап кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған ақпараттың шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр.

«Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте. Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады», делінген ведомство таратқан хабарламада.

ЦДИАӨМ бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр және қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланатынын мәлімдеді. Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

Фото: freepik

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы