jasqazaq.kz

Жеке деректерді сатқан қылмыстық топ құрықталды

09 маусым 2025, 9:08

ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Polisia.kz мәліметінше, жеке деректер мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған. Сондай-ақ кейбір коллекторлық компанияларға берілген. «Қазіргі уақытта 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Бес күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді», — деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы