jasqazaq.kz

«Жеке бас мәселесі». Қожаназаров Берденовке жасалған қастандық туралы пікір білдірді

23 сәуiр 2025, 13:41

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров партияласы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды, jasqazaq.kz.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілші қауымның сұрақтарына жауап берген Қожаназаров: «Әрине, қару қолданып оқ ату — қастандық. Иә, қол астында жұмыс істеген. Шынында да араларында түсініспеушілік болғаны туралы ақпараттар келіп жатыр. Меніңше, ең маңыздысы — құзіретті органдардың жұмыс барысына еш ықпал жасамау керек. Бұл партиямыздың, биліктің бақылауында тұрған іс», — деді.

Сондай-ақ ол қазіргі айтылып жатқан алып-қашпа сөздерге сенбейтінін, бұл жағдайдың тұрмыстық сипаттағы қылмыс санайтынын айтты.

«Меніңше, ешқандай саяси астары жоқ. Бұл жеке бас мәселесі. Әзірге Руслан нақты түсініктеме бере алмайды, – деді депутат.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі