jasqazaq.kz

Әжей ауруханадан шықпай, әлек салды

17 қыркүйек 2016, 16:05

Дәрігерлердің мазасын қашырған кейуана! Алматыда ақ халаттылар жасы жүзге жуықтаған әжейдің жақындарын іздестіріп жатыр. Өзін Мейіз Бәкібаева деп таныстырған ол емге мұқтаж болмаса да, 2 аптадан бері ауруханада жатыр. Себебі, кейуананы тірі жан іздеп келмеген. Ал әжейдің өзі дәрігерлерді балағаттап, ерсі әрекеттерімен мезі етіпті.

Бұл – 2 аптадан бері аурухана изоляторын мекен еткен кейуана. Мұнда далада қаңғып жүрген жерінен жедел жәрдеммен жеткізілген. Тек тиісті ем-домын жасап болған соң, дәрігерлер оны қайда жіберерін білмей отыр. Өйткені, ешкім іздеп келмеген. Шатақ әжейдің өзі де жөн-жосығын ашып айтар емес.

Мейіз Бәкібаева:

— Іздей ме, іздемей ме ол сенің шаруаң емес, кет әйдә, бар! Менің туысқанымда шаруаң болмасын! Менің келер-кетерімде шаруаң болмасын! Былшылдамай шық.

Кейуана келген адамның бәрімен осылай сөйлеседі. Әсіресе, дәрігерлер оның балағат сөздері мен ерсі әрекеттерінен әбден мезі болған.

Әнел Тұрсынова, невропатолог:

— Бәдік сөйлейді. Қолындағы заттарын лақтырады. Түкіреді бетке. Біздің жұмысқа кедергі келтіреді. Полиция арқылы туыстарын іздеп көрдік. Бірақ таппадық.

Жасы бір ғасырға жуықтаса да, Мейіз әжей қуатты. Сөз арасында ақ халаттыларға бала-шағасы барын айтыпты. Бірақ, олардың аты-жөнін жария етуден түбегейлі бас тартып отыр. Тіпті кейуана өзінің үйін табуға қол ұшын беруге келген полицейлерді де жерден алып, жерге салды.

-Балаларыңыз бар ма?!

-Оны қайтесің?!      

-Он балам бар, қолдары мынадай мынадай!

-Фамилия, аты-жөні керек балаларыңыздың.

-Фамилиясында шаруаң болмасын.

Қария айтқан мекен-жайлар да қате болып шығыпты. Өзі ауруханадан кетем деп күнде қиғылық салады. Барар жері болмаған соң дәрігерлер де оны амалдың жоқтығынан ұстап отыр. Бірақ бала-шағасы жақын арада табылмаса, Мейіз Бәкібаева әлеуметтік бейімдеу орталығына жөнелтілмек.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде