jasqazaq.kz

Жедел жәрдем қызметкеріне пышақ кезеген азамат ұсталды

03 маусым 2024, 9:59


Астанада көмекке келген фельдшердің тамағына пышақ тақаған ер адам мас болған. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. «Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-ші санаты бойынша қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырды. Көрсетілген мекенжайға келген уақытта дәрігерлер мас күйінде озбырлық танытқан ер адамды байқады.

Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп апарды да, фельдшердің тамағына пышақ тақаған. Екінші фельдшер бұл туралы «Алматы» ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ешкім жарақат алмаған және бұзақыны полиция оқиға орнында ұстады.
«Айта кету керек, елордада көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өздеріне қауіп төнетін мұндай жағдай жалғыз емес. Тек 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында осындай тоғыз жағдай тіркелді», — дейді қалалық басқармадан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі