jasqazaq.kz

Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды (Видео)

02 мамыр 2024, 15:25

Мас науқас Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрды. Оқиға туралы Zakon.kz тілшісіне өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 2024 жылдың 1 мамырына қараған түні болған.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі:

«Жедел жәрдем қызметінің әйел фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Көмек дәл осы жігіт үшін шақырылған. Наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша күдіктінің жеңіл дәрежелі мас күйінде болғандығы анықталды».

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп толықтырды ведомства.

Соңғы уақытта Қазақстан бойынша медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. 2024 жылдың басында Қарағандыда қаскүнем жедел жәрдем жүргізушісіне бірнеше рет соққы берді. Ақпан айында Теміртауда екі адам жүргізушіге жабылып, ұрып тастаған.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі