jasqazaq.kz

Жедел жәрдем көлігін жеке бастарына пайдаланғаны үшін жұмыстан қуылды

10 шiлде 2016, 12:33

Снимок

Бұған дейін оңтүстікқазақстандық медицина қызметкерлерінің жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына серуендеуге шыққаны туралы хабарланған болатын. Аталған оқиғадан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қоластындағылардың әрекетіне қатысты шұғыл шешім қабылдады. Бұл туралы NUR.KZ сайтының тілшісі хабарлады.

Бұл жағдайдан хабар болған облыстың бас дәрігері Сейтжамал Пакеев жағасын ұстағанын жасырмайды. Шұғыл түрде басқарма мен облыстық әкімдік өкілдерінен құрылған комиссия іске кірісіп, мән-жайды анықтапты.

Таратылған ақпараттың шындыққа сай келетіні расталған соң комиссия мүшелері мен басқарма басшысы бір тоқтамға келді. Сөйтіп қызметтік көлікпен табиғат аясында серуендеткені үшін стансаның аға дәрігері мен көліктерге жауапты бөлімнің меңгерушісі жұмыстан кетті. Ал жедел жәрдем көлігінің жанында мал сойып отырған жігіттердің қасында «селфилеткен» жас фельдшер де жазасыз қалмайтын болды. Тек ол әзірге еңбек демалысында болғандықтан нақты қандай шара көрілетінін басқарма басшысы айта алмады.

Аудандық емхананың бас дәрігері Нұржан Ақбердиевке қатаң сөгіс берілетін болды. Айтпақшы, жауаптылардың айтуынша, «маевкаға» ақ халаттыларды тасыған жедел жәрдем көлігі резервте тұрған көлік болып шықты.

Бірақ, аудандық емхананың бас дәрігері Сарыағашта жедел жәрдем көлігі тапшы екенін де айтып қалды. Оның бұл әрекетіне жақында порталда жарияланған шошытарлық видео себеп болған болу керек. Онда жергілікті медбике бір ғана жедел жәрдем көлігімен аяғы ауыр жеті әйелді облыс орталығына алып бара жатқан сәті түсірілген.

«Біздің Сарыағаш ауданында айына шамамен 700 бала өмірге келеді. Ал күн сайын облыстық перинаталды орталыққа біз он бес жүкті әйелді жеткізіп отырамыз. Видео түсірілген күні науқастардың көбейіп кетуіне байланысты бізде артық көлік болмады,» — деген бас дәрігер бір көлікке топырлап мініп, Шымкенттегі ауруханаға жеткізілу жергілікті науқастар үшін таңсық емес екенін айтты.

Мұндай жағдай бұған дейін де орын алған. Тек өкініштісі сарыағаштықтар биыл да жедел жәрдем көлігі тапшылығын сезуге мәжбүр. Өйткені денсаулық сақтау басқармасының басшысы биыл бұл ауданға көлік бөлінбейтінін кесіп айтты.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында 300 мыңға жуық халық тұрады. Алайда мұнда небары бес қана жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсетіп келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде