
Жуырда әлеуметтік желіде «Қазақстанда жедел жәрдем қызметі ақылы болады» деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпарды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жоққа шығарды. «Жас қазаққа» түсінік берген министрлік баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Кононец жұртты адастыратын ресми емес мәліметке сенбеуге шақырды.
Ол: «Жедел жәрдем көмегі тегін медициналық қызмет қатарына жатады. 2017 жылы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде жедел жердем қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын дәрігерлік көмектің базалық пакетіне кіреді» деп түсіндірді.
Төлен Тілеубай
Астана