jasqazaq.kz

Жеңгетайлықты кәсіп еткен азамат сотталды

16 наурыз 2017, 11:41

Алматы облысында адам саудасымен айналысқан ер азамат 6 жыл 8 айға сотталды.
«Текелі қаласының тұрғыны Сабырбай Келес ҚР ҚК 128 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылды. Мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі күшіне енген жоқ», деді облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілі Айнаш Рахымбаева.

Қазақпарттың хабарлауынша 1983 жылғы азамат қыздарды шет ел асырып, еркектердің қойнына салып беруді мақсат еткен. Қытай еліндегі қонақ үйлерге бойжеткендерді жеткізгені үшін 500 мың теңгеден астам ақы алуды көздеген. Тіпті қыздардың визасын рәсімдеп, жолға шықпақ болған. Алайда, қаракөздердің бірі 34 жастағы азаматтың бұл ісіне күдіктеніп, ішкі істер органына арызданған. Жеңгетайлықты кәсіп етуді көздеген азамат енді 7 жылға жуық өмірін темір торда өткізеді. Аталған іс Талдықорған қалалық сотында қаралды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде