jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова: Отбасындағы сатқындықты әзілге айналдырмайық

22 мамыр 2023, 12:02

Отандық әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ер адамның сатқындығы жайлы тақырыпты қозғап, бұл жағдайдың әйел қауымына қаншалықты ауыр әсер ететінін айтты. Өнер иесі бұл тақырыпты әзілге айналдырудың да дұрыс еместігін айтты. Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.

«Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз. Шындығында, бұл — әйел үшін өте ауыр. Жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптының арасын суытатын, махаббатты сөндіретін сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә. Ұрпағымыздың отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек», — деді Жазира Байырбекова. Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен толықтай келісетінін айтып, пікір қалдырды. «Дұрыс айтасыз», «Сізбен толықтай келісем», «Кейде шешім қабылдап, өз қадіріңді білген дұрыс», «Өте орынды», «Жүз пайыз келісемін», — деп жазды оқырмандары.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі