jasqazaq.kz

Жазира Байырбекова: Анама әкемнің қарындасы қарап отыр

03 шiлде 2023, 16:19

Әнші Жазира Байырбекова отандық бағдарламаның біріне берген сұхбатында анасына қатысты сөз етті. Анасы альгеймермен ауырады.
“Әкем осыдан біраз жыл бұрын дүниеден өтті. Бірақ ол біздің сахнаға жарқырап шығып, халықтың қошеметіне бөленіп жүргенімізді көре алмады. Бізді өсіріп, жеткізіп, тұрмысқа беріп дүние салды. Анамның денсаулығы орташа. Анама бала сияқты әлпештеп қарап отырмыз. Анам Алматының қызы, қазақ тіліне шорқақтау, ал әкем орыс тілін білмейтін. Әкем танысқанда “Жамбылдың жігітімін, кеттік” дегенде анам Жамбылды қала деп ойлап қалған екен. Бірақ Жамбыл ауылына барып келін болып түсті. Тілін түсінбейтін жерге барғанда қиын болған шығар, бірақ қазір Шымкентті ерекше жақсы көреді. “Менің Шымкентіме жететін жер жоқ” деп отырады”, – дейді әнші.

Жазираның айтуынша, қазіргі кезде анасына әкесінің қарындасы қарап отыр. Ол сұхбат барсында бауырларының кейуананы өз қолына алмауының себебін түсіндірді.

«Анамды Алматыға көшіріп алып келдім, ұлым Қазыбек анама пәтер алып берді. «9 баласы болса да, әр қайсысының жұмысы, бала-шағасы бар. Анама қазір тек тыныштық керек. Сол себепті анама әкемнің туған қарындасы, өзінің қайын сіңлісі қарап отыр. Ауру жеңгесіне қайын сіңлісі қарап отыр дегенді еш жерден естімеппін. Қазір маған жақын жерде, сол кісі анама қарап отыр. Әпкеме көп рахмет. Негізі ағам Шымкентте, інім Алматыда тұрады. Жеңгем де, келінім де жақсы жандар. Ағам мен ініме бес баладан тауып беріп, баптап отыр. Әулеттің келіндері анамның пейіліне қарай адал болып түсті. Анама сол кісілердің жанында тұруына болар еді, бірақ кішкентай балалардың айғай-шуы анама зиян. Денсаулығына байланысты солай болып тұр», – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее