jasqazaq.kz

Жазасын өтеуші жігіт түрмеде шоу көрсетті (видео)

19 қантар 2017, 16:59

Ресейде 21 жастағы Михаил өзі жазасын өтеп жатқан түрмеден “Перископ” арқылы тікелей эфирге шыққан. Ол бірнеше күн бұрын ғана транслияция жасағанына қарамастан бірден танымал болып шыға келді.

caravan.kz хабарлағандай, түрмедегі жағдайдың көпшілікті қызықтыратыны соншалық, Михаилға әртүрлі мәндегі сұрақтар қарша бораған. Тікелей эфирде жігіт өзі туралы ғана емес, темір тордағы жалпы өмір туралы да айтып береді.

Бастапқыда Михаил эфирге өзі шыққанымен, кейін оған Виктор қосылды. Екіншісі, адам өлтіргені үшін бостандығынан айырылған екен.

Өздерін балалар лагерінде тұрамыз деп әзілдеген олар, қасындағы достарының есімдерін еркелетіп атайтын көрінеді. Жігіттер тіпті қыздарға сәлем жолдап, оларды кездесуге де шақырды.

“Кастинг өткізу керек болды енді. Маған кездесуге келетін ең үздік сұлуға кастинг жариялаймын. Ол түрмедегі жағдайдың бәрімен еркін таныса алады”, – дейді Михаил.

Заң бойынша түрмеде мобильді телефон қолдануға тыйым салынған. Сол себепті Михаил нақты қай түрме екенін жасырған. Ол түзеу мекемесінің қызметкерлерінің бірі көріп қойса, ұялы телефонды тартып алады деп қорқады.

https://www.youtube.com/watch?v=VUBvY1o8eRA&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде