jasqazaq.kz

Қазақша ән айтқан камерундық азамат (видео)

28 наурыз 2017, 10:56

Ертіс өңіріндегі колонияда жазасын өтеп жатқан Камерун азаматы қазақша ән айтып, жұртшылықты таңғалдырды.

Камерун елінің азаматы АП-162/2 түзету мекемесінде өткен «Ашық есік» күні шарасы барысында ән айтты. Айта кетейік, Нангу Нгуну Кристиан Семплис Алматы қаласында жалған ақша жасағаны үшін 6 жылға сотталған. Енді ол 2020 жылға дейін жазасын өтеуі керек. Бірақ африкалық азамат қылмыс жасадым екен деп өмірден түңіліп кетпеген. Сотталушы темір тордың арғы жағында шығармашылықпен айналысып, қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігі оянған. Қазіргі таңда колониядағы онсыз бірде бір мәдени шара өтпейді. Осы жолы жалған ақша жасаушы қазақ эстрадасында хитке айналған «Аспанға қараймын» және Қайрат Нұртастың «Ол сен емес» әнін орындап, көрерменнің қошеметіне ие болды.

«Болашақта домбыра тартуды үйренбекпін. Әрине, үйрену оңай емес. Мүмкіндігінше тағы қазақша бірнеше әнді үйреніп алғым келеді», — дейді ол.

Айта кетейік, Кристиан бұған дейін жолдасы Нгену Тепонг Ону Парфемен бірге ән шырқаған еді. Қазіргі уақытта Парфенің жазасы айыппұлмен ауыстырылып, ол бостандыққа шығыпты.

Шара барысында сотталушыларды колонияның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Түзету мекемесінде асхана, жатақхана, кір жуу орны, шаштараз, дүкен, аурахана да бар.

«Біздің дүкенде адамға ең қажет тауарлар мен азық-түліктер бар. Күніне 50 сотталушы қажетті заттарын сатып алады. Тауарлардың бағасы қала дүкендеріндегі дүниеден қымбат емес», — дейді дүкен сатушысы.

Қазіргі уақытта аталмыш колонияда Нангу Нгуну Кристиан Семплиспен бірге 400-ден астам азамат жазасын өтеп жатыр. Ашық есік күні барысында олардың көбі туыстарымен қауышты.

baq.kz хабарлағандай, «Бүгін колонияда тәртіп пен тазалықтың барына көз жеткіздік. Бұл жерде менің ұлым Данияр Бекчурин жазасын өтеп жатыр. Нгенудің қазақша ән айтқаны таңғалдырды. Бұның өзі сотталушылардың шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігі бар деген сөз. Колония кітапханасында 6000-нан астам кітап бар екен», — дейді Светлана Әбілханова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде