jasqazaq.kz

Жауыздық: 40 мың теңге үшін адам өлтірді

21 қараша 2023, 15:53

«Наша газета» басылымының жазуынша, айыпталушылар үш бап бойынша айыпталған, оның ішінде ең сорақысы зейнеткерді өлтіргені болды.

2023 жылдың 23 ақпанында кешке балтамен қаруланған Васюренко мен Әбуев зейнеткер Людмила Гришинаны тонамақ болып келіскен.

Олар алдын-ала жоспар құрып алған, сол жоспар бойынша Әбуев зейнеткердің үйіне қоршаудан секіріп кірген, ал Васюренко қақпаны қағып, зейнеткерді сөзге тартқан. Ол сөйлесіп болған соң кетіп бара жатқандай кейіп танытқан. Әбуев балтамен зейнеткердің маңдайынан бір ұрған, одан кейін тағы үш рет соққы жасаған, егде кісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Үйден телефон мен 40 000 теңгеге жуық ақшаны ұрлап шыққан сотталушылар кетерінде үйге от қойған.

Әбуев кетер алдында мерт болған зейнеткердің қолынан екі алтын неке жүзігін байқап қалған. Жүзіктерді ала алмаған соң ол әйелдің сол қолының екі саусағын кесіп тастаған.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Олар 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа режимдегі колонияда өтейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі