jasqazaq.kz

Жасыл Қазақстан: Шымкентте қоқыс мәселесі алдағы 5 жылда шешіледі

21 маусым 2023, 21:53

Енді Шымкент көшелеріндегі қоқыс жәшіктері уақытылы тазартылатын болды. Себебі қала билігі бес ауданның тазалығын бес мердігер мекемеге тапсырыпты. Тіпті өткен қыста орын алған кемшілік биыл қар тазалау маусымында қайталанбайды деп сендіріп отыр. Ол үшін техника саны жеткілікті. Жұмысшылар да бар.

Қоқыс қалдығын тастау тұрғындар үшін әлі де өзекті мәселенің бірі. Бұл орайда шаһар халқының ойы екіге бөлінеді. Бірі қалдық шығару ретке келтірілді десе, енді бірі әлі де алаңшалар уақытылы тазаланбайды дегенді айтады.

Қала тазалығымен «Таза өлке», «Шымкент Спец комплекс», «Группа Интеко», «Жасыл жер Шымкент» «КазСтройКапиталЛТД» мекемесі айналысады. Олар көше тазалығынан бөлек, ағаштарды суару, көгалдандыру жұмысымен айналысады. Көшеге гүл отырғызу да осы мекемелердің міндетіне кіреді.

Ал қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері биыл қала тек қоқыстан емес, қыстың күні қардан да уақытылы тазарып тұрады деп сендірді. Себебі бес мердігер мекеменің техникасы өз территориясының тахзалығын қамтамассыз ету үшін жеткілікті. Бір мекемеде кемінде 100 техникадан бар.

Айта өтейік, алдағы уақытта қаланың қоқыстарын шығаруды бақылау және оңтайландыруға арналған ГИС бағдарламасы іске қосылады. Нәтижесінде әрбір тұрғын қоқыс жинайтын арнайы көліктің үй ауласына қай күні, қай сағатта келетінін, қаншалықты қоқыс жинап әкеткенін смартфон қосымшасы арқылы бақылай алатын болады.

Шымкент қаласындағы коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажет екендігі бәрімізге мәлім. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялар қалдықтарды өртеу зауытының құрылысын салуды ұсынса, Германиялық компания полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынуда. Ал, испандық Аuditores energeticos afn компаниясынан коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізу бойынша ұсыныс түсіпті.

Компания өкілінің ақпаратына сәйкес, AEN технологиясы экология бөлігінде бірқатар артықшылықтарға ие — бұл «Нөлдік қалдықсыз цикл» деп аталатын процесс және экология мен халықтың қауіпсіздігі бөлігінде қабылданған Еуропалық директиваларға сәйкестігі. Ұсынылған материалдар бойынша технология электр энергиясын өндіре отырып қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға, сондай-ақ, ҚТҚ полигонындағы қалдықтарды (шамамен 2 млн. тонна) қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның құны — шамамен 200 миллион еуроны құрайды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі