jasqazaq.kz

Жасыл Қазақстан: Экологиялық мәселені шешу үшін Жол карта бекітілген

31 шiлде 2023, 11:38

Шымкент қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі – атмосфераның ластануы, дейді сала мамандары. Ауаны ластаушылар негізінен, қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар, автокөліктер және қатты отын қолданатын қазандықтар. Шаһарда зауыттар мен өндіріс орындарынан пайда болған экологиялық мәселелерді шешу мақсатында осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі мен Шымкент қаласы әкімінің тарапынан жаңадан өзгеріс енгізілген «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы» бекітілді.

Елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларды 2025 жылға дейін 20 пайызға төмендету көзделіп отыр. Осы мақсатта жыл басында жол картасы бекітіліп, қаланың экологиясын жақсартуда маңызды іс-шараларды түзген болатын. Атап айтсақ, «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-ның санитарлық қорғау аймағын көгалдандыру үшін жер учаскелерін анықтап заңды түрде рәсімдеу, нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысы, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу инфрақұрылымын құру, қала аумағынан ағып өтетін өзендердің су қорғау аймағы мен белдеулерін бекіту қарастырылған. Сондай-ақ, Қошқарата өзенін абаттандыру және басқа да қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар енгізілген. Жол картасының орындалу деңгейі Министрліктің бақылауында тұр.

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті – мемлекеттік экологиялық бақылау, экологиялық реттеу, зертханалық-талдамалы бақылау қызметтерін көрсетеді. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 2023 жылдың 6 айында 5 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 20 әкімшілік іс қозғады. Жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 1 ескерту берілді. Өткен жылдың 6 айында 31 тексеру жүргізілген, оның ішінде 17-сі жоспардан тыс, 6 профилактикалық тексеру, қалған 8-і біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша тексерулер. 41 млн теңгеге жуық 139 әкімшілік айыппұл салынды. Соттың қаулысымен экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 2 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Қазіргі таңда 3 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалып, жұмыстар жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее