jasqazaq.kz

Жасыл Қазақстан: Әл-Фараби ауданына қосымша 120 қоқыс алаңшасы орнатылуда

13 шiлде 2023, 10:12

Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 контейнерлік алаңға биылғы жылы тағы 120 орынға 166 контейнерлік алаң орнатылып, жалпы саны 553 алаңға көбейтілу жоспарлануда. Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұрынғы алаңшалардан ерекшелігі мұндағы жабық алаңшалар тұрмыстық қатты қалдықтар ауа-райының қолайсыздығынан, қатты желден қоқыстардың ұшып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, сыртқы көрінісі қала көркіне сай етіп жинақы дайындалыпты. Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.

Айта кетсек, Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр. Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып отыр. Мұнан бөлек қоқыс өңдеу зауытының құрылысына инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялары қалдықтарды өртеу зауытының құрылысын салуды ұсынды, Германия компаниясы полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынды. Ал испандық Аuditores energeticos компаниясынан коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізу бойынша ұсыныс түскен.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста