jasqazaq.kz

Жасыл белдеу – бас қаланың қорғаны

05 маусым 2023, 14:53

Астана қаласының орманды алқабы, яғни жасыл белдеуі — елорданың экологиялық ахуалын нығайтуға үлес қосып келе жатқан бірегей жоба. Бүгінде қала тұрғындары орманды алқаптың шарапатын айтарлықтай сезініп отыр. Біз оманды алқаптың жай-күйін «Жасыл Аймақ» РМК бас директоры Мұхит Рамазановтан сұрап, сұхбаттастық.

– 1997 жылы құрылған орман алқабы – бас қаланың маңайында жасыл белдеуді қалыптастыру мақсатында іске асырылған жоба. Бүгінде өзіңіз басшылық ететін орман алқабында қанша түп ағаш егілді?

– Өзіңіз айтқандай, елорданың жасыл белдеуі 1997 жылы қолға алынып, бүгінгі таңда бас қаланың маңайын желекті орманға айналдырып келе жатыр. Сол кезде қолға алынған жоба бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
Сұрағыңызға кеңінен қамтып жауап берейін «Жасыл Аймақ» РМК мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы — 87,6 мың гектар. Елорданың айналасындағы жайқалған жасыл ормандағы ағаштар астаналықтарды ұйтқып соққан желден, құрғақ желден, шаңды дауылдан, бораннан қорғайды. Негізгі миссиясы — Астана қаласының айналасындағы микроклиматты жаңғыртып, жақсарту. Мұнда ағаш және бұта тұқымдыларының көптеген түрі өсіріледі. Атап айтқанда кәдімгі қарағай, салпыншақ қайыңы, кәдімгі шегіршін, боз жиде, Қазақстан терегі, ақ тал, сібір алма ағашы, шаған жапырақты үйеңкі, татар үйеңкісі, жасыл шаған, алтын қарақат, татар ырғайы, дөңгелек жапырақты ырғай, Виргин мойылы, сары акация және басқа да ағаш тұқымдары бар. Жалпы орманды алқапта ағаштың 26-дан астам түрі егіліп, өсіріледі.

– Астана қаласының тұрғындары осы белдеудегі жасыл желектер жайқалып өскелі бас қалада бұрынғыдай боранның ұйтқып соғуы бәсеңдеді дейді. Расында да, желдің өтіне тосқауыл болуға орманның әсері болды ғой?

– Жаңа да айттым, дауылды жел, бұрқасын боранды бас қаланың байырғы тұрғындары жақсы біледі, бастарынан өткерді. Соңғы жылдары боран да жел де, шаңдақ да бұрынғыдай соқпайды. Астана қаласының жасыл белдеуі Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған болатын. Оның мақсаты табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау болып табылады және орман отырғызу жұмыстарын ұлғайту, елді мекендерді көгалдандыру, яғни осы процестерге жастарды тарта отырып, астананың айналасын абаттандырып, жасыл желекке айналдыру. Соның нәтижесінде бірінші кезеңде орман ағаштары қуаңшылыққа төзімді және тұзға төзімді ағаш-бұта тұқымдыларынан: шаған жапырақты үйеңкі, татар үйеңкісі, кәдімгі шегіршін, қауырсын бұтақты шегіршін, терек, тал, боз жиде, Сібір алма ағашы, салбыраған қайың, алтын қарақат, дөңгелек жапырақты ырғай және т.б. ағаш көшеттерін көбейту арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезеңде орман екпелері кулисаралық кеңістіктерде неғұрлым құнды ағаш түрлерімен жасалады: кәдімгі қарағай, сібір балқарағайы, сібір шыршасы, ұсақ жапырақты жөке, емен ағаштары.

Ағаш көшеттерін өсіру циклы 9 жылға созылады. Мұның да өзіндік себебі бар. Бірінші, екінші жылдары – жобалау-іздестіру жұмыстары жүзеге асырылады, үшінші, төртінші жылдар – топырақты өңдеу қолға алынады, бесінші жылы ағаш көшеті егіледі де одан кейін тоғыз жылға дейін ерекше күтімге алынады. Одан ары қарай тамыры бойлап, тереңге тартқаннан кейін өсу қарқыны да жақсарады.

1997 орман алқабын құру қолға алынғаннан бастап 2012 жылға дейін 200 мың гектар алаңда жобалау-іздестіру жұмыстары қолға алынды. Ұзақ жылғы жемісті жұмыстың нәтижесі де жаман болған жоқ. Әр түрлі топырақ комбинациялары, сортаңдануы мен тұздануының дәрежелері айқындалды. 1997 жылдан бастап бас қаланың жасыл аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде дедік қой. Оның ауданы 90,3 мың гектардан астам, онда 155 миллионнан астам ағаш-бұта тұқымдыларының көшеттері егілді. 2015 жылы екінші кезеңдегі ағаш егу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта 2025 жылға дейін жалпы ауданы 13,2 мың га алқапқа ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге қатал климаттық жағдайларға байланысты әлсіреген екпелерді қайта құру, яғни күтімді күшейту мақсатында да қарқынды жұмыс жүргізіледі.

– Осы орман алқабында қандай аңдар мен құстар мекен етеді?

— Астана қаласының жасыл аймағын құру жабайы жануарлардың дамуына ықпал етті. Жануарлар әлемінен марал, бұлан, елік, қабан, суыр, дала қарсақтары, ондатрлар, қояндар бар. Құстардан балқарағайлы құсы (кедровки), сұр кекілік (серые куропатки), сұр шапандар (серые славки), көк тарақ (сизоворонки), жасымықтар (чечевицы), пика (пищухи), қырғауыл бар.

Тағы бір жағымды жаңалық: жасыл аймақ құрылғалы бұлан, елік, қоян және сұр кекіліктер пайда болды. 2012-2021 жылдар аралығында жасыл белдеу фаунасының түрлік құрамын жақсарту мақсатында 9,5 мыңнан астам қырғауыл жіберілді.

– Ғалым орманшылардың қандай да бір ғылыми жұмыстары талқылана ма? Орман алқабындағы ағаш пен бұталарды жерсіндіру, жаңа түрін өсіру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Жасыл белдеудің екпе ормандарын күту жұмыстарына орманды күзету, орман зиянкестерін анықтап, оны жою, көшеттерді суару, өртке қарсы минералды жолақтар салу, ағаш көшеттерінің топырағын қопсыту, топырақты культивациялау, күтіп-баптау мақсатында кесу секілді күту жұмыстарын жүзеге асырады. Былтырғы жылы осы мақсатқа бюджеттен 2,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Тұрақты қызметкерлердің саны 505 адам, сондай-ақ жыл сайын Астана қаласының жасыл белдауі аумағында 1000-ға жуық маусымдық жұмысшылар қосымша жұмыс істейді. Орман – атмосфера үшін үлкен сүзгі болып табылады, оны шаңнан тазартады, сонымен қатар көмірқышқыл газын, күкіртсутекті, азот тотығын, сутегі фторидін, көміртегі тотығын және басқа да зиянды заттарды сіңіреді, сонымен бірге адам өміріне қажетті оттегін бөліп шығарады. Сондықтан да жасыл белдеудің жағдайын жақсарту дегенді экологияның қуатын арттыру деп ұғынғанымыз ләзім. Сол мақсатта алға ұмтылып келеміз.

Сұхбаттасқан Қуан Көшек

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті