jasqazaq.kz

«Жасыл аймақ»: Жезқазғанда 9000 түп ағаш отырғызылады

24 сәуiр 2024, 18:26

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» апталығы аясында Жезқазған қаласында 2024 жылдың 24 сәуірінде 100 тал ағаш отырғызылды. Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына «Наурыз» саябағында «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты.
Мақсат — қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру.
Ұлттық волонтерлар желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды. «Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін!» — деді Дарын Төлеубай.


Атап өтейік, 27 сәуір күні қала бойынша 9000-дай түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі