jasqazaq.kz

Жастарға мемлекеттік бағдарламалардың игілігі насихатталды

14 сәуiр 2023, 15:42

Аталған іс-шара жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтуды көздейді.

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Қазына» сауда орталығында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту. Сондай-ақ, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» сынды мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Аталған жұмыстар ары қарай «Самал» базарында жалғасты. Іс-шара аясында Абай әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан шалғай жатқан шағын аудандардағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді топ» құрылған болатын. Бұл топ негізгі 4 бағытта жұмыс жүргізеді. Атап айтатын болсақ, талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс бағыттары. Арнайы топтың артықшылығы, шалғай орналасқан шағын аудандардағы жастар орталыққа келмей-ақ, өздеріне қажетті мәліметтер мен көмектерді толықтай ала алады, сондай-ақ, олармен түрлі деңгейдегі ашық сұхбат алаңдарын құру арқылы, жастардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігі арта түспек.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура