jasqazaq.kz

Жастар Әулие Валентин күніне қарсылық білдіруде

07 ақпан 2017, 15:58

Әлеуметтік желі қолданушылары Әулие Валентин күнінің тойлануына қарсылық білдіріп жатыр.

caravan.kz хабарлағандай, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббатын ұғынып, екеуінің атына күн белгілеуді ұсынған Дархан Мыңбай есімді ел ағасы. Оңтүстік өңірде аталған мерекені 1999 жылдан бастап атап өтіп келеді екен. Десе де, жалпы республика көлемінде тек соңғы бірнеше жылда тойланып жатыр. Арасында Әулие Валентин күнін асыға күтетін ғашықтар да бар. Олар – көбінесе ел аумағында тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері.

Жыл сайын Әулие Валентин мерекесінің қарсаңында, мектептер оны атап өтпеуге шақыратын түрлі шара ұйымдастырады. Оның тарихы түсіндіріліп, осы күнде бойжеткендердің некесіз бала көтеруі туралы статистикалық мәліметтер келтіріледі. Енді міне аталған қарсылық әлеуметтік желіде отыратын жастардың арасында да ұласқан-ды. Қазақ жастары “Мен Валентин күніне қарсымын! Сіз ше?” деген жазуы бар түрлі картинаны бөлісіп жатыр.

“Қыздар абыройынан айырылып, ішімдікке салынып, бұрыш-бұрышта тұрады. Өздері күйлеген иттерге ұқсайды. Кім не береді екен деп қазақ қыздары сорлының күйін кешті. Кім көрінгенге еліктеп жүр”, “Қайдағы жоқты айтпаңдаршы. Басқа жазарың болмаса үндемей-ақ қойшы. Осылай жазып, ол мерекеге жарнама жасаудың не керегі бар? Қойыңдаршы сол құрғырды”, “Ең алдымен, қазақ тілінің жағдайын дұрыстап алайық. Сосын сұрақ қоялық”, “Біз қарсы болғанымен, жастар оны тойлайды. Ол айдан анық”, “Мен толықтай қарсымын” деп жазады желі қолданушылары.

Аталған мерекені соңғы бірнеше жылда атап өтпейтін болды. Тек орыстілді басылымдар мен бағдарламалар қолдау көрсетеді. Кей компаниялардың өзі өнімдерін өткізу үшін ұйымдастыратын науқандары да бар. Ал сіз осы мерекені қолдайсыз ба?

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде