jasqazaq.kz

Жастар неге үйленуге асықпайды?

17 мамыр 2025, 13:00

Қазақ қоғамында үйлену, тұрмыс құру мәселесі – әрқашан өзекті. Дегенмен, соңғы жылдары жастардың үйленуге деген құлшынысы бәсеңдегенін қоғам да, мамандар да мойындайды. Бұрын 23-25 жастан қалмай шаңырақ көтеруге тырысқан қазақ жастары бүгінде бұл шешімді кейінге қалдыруды әдетке айналдырғандай. Оның себебі неде? Қоғамдық стереотиптер әлсіреді ме, әлде жастардың өмірге деген көзқарасы өзгерді ме?
Психолог Ержан Мырзабаев бұл құбылыстың түп-тамыры тереңде екенін айтады.
— Үйленуге асықпаудың бірнеше психологиялық астары бар. Бұл, ең алдымен, адамның ішкі дайын болмауымен тікелей байланысты. Бізде жиі байқалатын жағдай — балалық шақта дұрыс отбасылық модельді көрмеу. Егер бала ата-анасының арасындағы қақтығыстарға куә болып өссе, олардың ажырасқанын көрсе, отбасын құру идеясы санасында үреймен қабаттаса қалады. Мұндай адамдар ересек өмірінде де жауапкершіліктен қашады, екінші адам үшін шешім қабылдаудан қорқады. Сондықтан олар өздерін «өзім үшін өмір сүретін адаммын» деп ақтап алуы мүмкін, — дейді психолог.
Ержан Мырзабаевтың пікірінше, жастардың отбасылық өмірге дайындығы олардың бала күнінен қалыптасады.
-Егер бала сүйіспеншілікке, татулыққа толы отбасында өспесе, болашақта шаңырақ көтеру – оған міндет емес, керісінше қауіп көзі болып көрінеді. Сол себепті мұндай адамдарды жай ғана «жалқау», «үйленуге еріншек» деп сөгу — қателік. Олар көбіне өзін қорғап, қашықтан бақылауды дұрыс санайды. Егер ондай таныстарыңыз болса, міндетті түрде психологтың көмегіне жүгінгені дұрыс, — дейді ол.

Психологиялық аспектіден бөлек, жастардың үйленуге асықпауына өмірдің шынайы қиындықтары да әсер етуде. 27 жастағы Нұрислам өзін үйленуге әлі дайын емеспін деп санайды.
-Үйлену оңай емес. Үй, көлік, жұмыс – барлығы адамды ойлантады. Қазір біреудің қызына жауапкершілік алатын деңгейде емеспін деп есептеймін. Өзімнің материалдық жағдайымды толық тұрақтандырмайынша, отбасын құрғым келмейді. Бүгінгі қоғамда бәрі ақшаға тіреледі. Қарапайым той жасау да шығын. Сосын келіншегіңе киім алып беру, баланың шығыны – бәрі қаржымен өлшенеді. Меніңше, бұл — шындық. Сондықтан үйленуге асығатын адам емес екенімді түсіндім, — дейді Нұрислам.
Ал 24 жастағы Жаннұр тұрмыс құруды мансабына кедергі деп санайды.
-Әлі өзімді таба алмадым деп ойлаймын. Қазір барлық энергиямды карьерам мен өзімді дамытуға бағыттадым. Тұрмысқа шықсам, күйеуімнің, қайын жұрттың көңілін табамын, бала туамын. Ол кезде өзімді ұмытып, армандарым далада қалады деп қорқамын. Сондықтан мен үшін бастысы – алдымен жеке өмірімді, карьерамды орнықтыру, сосын барып отбасылық өмірді ойлауға болады, — дейді Жаннұр.
Жастардың үйленуге асықпауын түсіну үшін кінәлаудан гөрі, олардың көзқарасын, уәжін тыңдау керек. Қазіргі қоғамда бұл — үрдіс емес, дағдарыс та емес. Бұл – уақыт талабы. Десе де, дәл осы тақырып бойынша қоғам да, отбасы да жастарға қолдау көрсетуі маңызды.

Олжас Әбдіхалық

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста