jasqazaq.kz

Жастар қазақ тілінің тартымдылығын арттыруға үлес қосуы керек

20 қазан 2023, 11:36

Жас қалам

Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөзі бар. Жер бетінде тарыдай шашылып, ұсақталып кеткен ұлттардың тарихына қарап, алаш арысының сөзі өмірден алынғанын аңғару қиын емес. Тәуелсіздік алғаннан бері 30 жылдан астам уақыт ішінде тілімізді өз тұғырына қондыра алдық па? Осы сауалға жауап іздеген тіл мамандары әлі де қазақ тілінің қолданысына көңілдері толмайды. «Неге?» деген заңды сұрақ тағы туындайды.
Мәселен,1-3 жас аралығында бүлдіршіндер санасына сәуле сіңіреді екен. Дәлірек айтсақ, тілді танып, білуге деген ынтасы артады. Дәл сол аралықта кішкентай балдырғандарға қазіргі ата-аналар не үйретіп жатыр? Көпке топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Бірақ теледидар мен смартфонға телміртіп қоятындар көп. Қазақ тілінде қызықты көріністер аз болғандықтан, өзгенің тартымды туындылары сұранысқа ие болып шыға келеді. Міне, соны қызықтаған баланың тілі қазақша шығады деп айту мүмкін бе? Мамандардың айтуынша, бала екі тілді бойына қатар сіңіреді. Отбасындағы қарым-қатынас тілі қазақ тілі болса, телефонда — өзге тіл. Соның салдарынан сөйлей бастағанда бүлдіршіннің тілі бұралып, ойын жеткізуі қиындай түседі. Сондықтан осы мәселеге мән берілуі керек-ақ.
Тіл – ұлттың ұйтқысы екені әмбеге аян. Тілі бірдің ойы бір, ойы бірдің мақсаты да ортақ болатыны анық. Сондықтан тіл туралы сөз айтылғанда әуелі осы ортақ Отанымыздың мүддесі де көрініс береді. Сондықтан болса керек, қазір елімізде қазақ тілді балабақшалар мен мектептер көбейіп келеді. Бұл да – көңілге демеу береді. Атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға қарап, тіл үшін күресіп, қазақ тілін қызғыштай қорыған зиялылардың еңбегі ақталып келе жатқандай көрінеді. Сол жұмыстар жандана түсу үшін әрбір жас барынша қазақ тілінің тартымдылығын арттырып, сол жолда насихат жасаса деген тілек бар.

Диас Жұмашев,
Абылай хан атындағы Қазақ Ұлттық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті журналистика факультетінің 2 курс студенті

06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее
02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды