jasqazaq.kz

Жастар апталығында мыңнан астам іс-шара өтті

14 тамыз 2023, 19:10

7-12 тамыз аралығында еліміздің бүкіл алаңдарында «Жастармен бірге!» тақырыбында қайырымдылық, волонтерлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, фестивальдар, семинарлар, концерттер және т. б. іс-шаралар кешені өткізілді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру және жастар арасында мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілету, жастармен жұмыс принциптерін, тетіктерін, форматтарын, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен хабардар ету, сондай-ақ әртүрлі салаларда жетістікке жеткен қазақстандық жастардың көшбасшылық әлеуетін атап өту.
Жастар апталығы аясында, 7-9 тамыз аралығында «Жастар Елге!» атты жоғары рухани және адамгершілік құндылықтарды, сондай-ақ жастардың көшбасшылық әлеуетін көрсету мақсатында іс-шаралар кешені өткізілді.
Сондай-ақ «12 игі іс» акциясы басталып, оның аясында Қазақстан жастары игі істер жасап, әлеуметтік желілерде бірыңғай хэштегпен бөлісті.
Барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде белсенді жастардың, волонтерлердің, өңірдің жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, қаржылық көмек көрсетілді.
Бүкіл ел бойынша қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған: экологиялық акциялар, сенбіліктер, қоқыс жинау, ағаштарды күту акциялары өткізілді.
Сонымен қатар, барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде «Bilim», «Sabaqtastyq», «Saýlyq», «Qamqor», «Taza Álem», «Úmit», «Asyl mura» бағыттары бойынша волонтерлер іс-шаралары ұйымдастырылды.

9-11 тамыз аралығында «Жастар – ел дамуының басты драйвері!» іс-шаралар кешені өткізілді, оның шеңберінде 232 жастар ресурстық орталығы базасында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жастарға: «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», «Серпін», «Дарын», «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Болашақ», «Кәсіпкерлікке 2,5% жеңілдікпен кредит беру» және т.б. бағдарламалар мен жобалар бойынша арнайы консультациялар өткізілді.
NEET санатындағы жұмыссыз жастар үшін ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында барлық қалаларда, аудандарда және ауылдық елді мекендерде кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Өңірде жастарға арналған нысандарды (мектептер, колледждер, спорттық-мәдени орталықтар, жатақханалар және т.б.) ашылды, street workout бойынша жастар арасында жарыстар, сондай-ақ 12 шақырымдық марафон өткізілді; түрлі салаларда ерекшеленген ең белсенді жастар облыс басшылығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Жастар апталығы шеңберінде барлығы 14-35 жас аралығындағы 1,5 млн-нан астам жастардың қатысуымен 1000-нан астам іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

JQ-Aqparat

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста