jasqazaq.kz

Жасанды интеллектімен бірге «жын шығару» технологиясы қатар дамып жатыр: Атырау облысында емші 9 жасар қызды қинаған

08 қантар 2025, 12:00

Сурет: Видеодан кадр

Технология қарыштап, жасанды интеллектіні дамытуға кіріскен заманда дүмше емшілер жұртты адастырып, ескіше емдеуін қояр емес. Әрі жыл өткен сайын әдіс-тәсілі қитұрқыланып бара ма дейсің.

Мәселен, өзін емші санайтын Кейқуат Оспанов Фейсбук парақшасындағы соңғы жазбасын қыз баланы «емдеуге» арнапты.

Онда: «Кішкентай қыздын іс әрекетінен үлкен қыздын іс қимылын көрген анасы дереу келіп оқытып ішіндегі 19 жастағы Лаззат атты жынды шығарып алды» делінген.

К.Оспановтың жынды шығарып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. Баланы жерге жатқызып, тырп еткізбей ұстап отырған екеудің бірі сұрақ жаудырады. Сөйтіп қыз баланың ішіне бір емес, тоғыз жынның кіріп кеткенін анықтайды-мыс.

Бұл оқиға туралы Azattyq Rýhy агенттігі әлеуметтік желіге салған соң, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдіріп: «Жергілікті уәкілмен байланыстым. Олар мәселені қарауға алды», — деп жазды.

Осыдан кейін мәселенің майшаммен қаралып, тиісті шара қолданылатыны сөзсіз. Дегенмен мұндай ем-домға заң жүзінде тыйым салу жағын ойластырған дұрыс шығар?

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ИА «Azattyq Ruhy» (@azattyq.ruhy)

JQ-Aqparat 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі