jasqazaq.kz

Жасанды интеллект болашағымызға қауіп төндіріп тұр ма?

18 желтоқсан 2024, 18:49

Мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов ChatGPT-ден қауіптенетінін жеткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Депутаттың айтуынша, мектеп оқушылары тапсырманы орындау үшін жасанды интеллектінің көмегіне көп жүгінетін көрінеді.

“Жасанды интеллект — ChatGPT мектеп тапсырмаларын, жаттығуларды, романдардың қысқаша мазмұнын және т.б. жасауға қабілетті. Барлығымыз түсінетіндей, оқытудың мұндай тәсілі сыни ойлауды төмендетеді және алынған білімге теріс әсер етеді. Маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдауда қиындықтарға әкеледі. Осы қарқынмен елдің орасан зор зияткерлік әлеуетін жоғалтып алу қаупі бар. Бір ғана фотоматериалға ие болу арқылы азаматтың толық шынайы биометриялық суретін жасай алады. Бұл жағдай қимыл-әрекеттерді бәсеңдетуге арналған бомба тәрізді болып отыр,”- деді депутат.
Сондай-ақ Махаррам Махаррамов нейрондық желілер фотосуретті кез келген видеоға айналдыра алатынына қатысты алаңдаушылығын да білдірді. Ниеті арам адамдар мұны қолында бар қауіпті құралға айналдырып жіберуі бек мүмкін екенін де жеткізді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі