
25 наурыз күні жоғалып кеткен индонезиялық жас жігіт 7 метрлік алып питонның асқазанынан бүтіндей табылды.
25 жастағы Акбар Салюбиро Сулавеси аралының батысындағы елді-мекенге пальма майын жинау науқанына аттанып, қайта оралмаған.
Nur.kz сайтының хабарлауынша бір күн өткен соң, жігіттің ауылдастары егістіктен бауыры бұлтиған ұзын питонды тауып алған. Олар бірден досының осы жыланның тірідей жұтып алуынан сезіктеніпті.
Олардың күдігі расталды. Алып жыланды 18 дюймдік аңшылардың пышағымен сойғанда оның асқазанынан достары Салюбироны өлі күйінде бүтіндей тапты. 25 жастағы индонезиялық жігіттің киімі де жыртылмаған. Аяқ киімі, кеудешесі мен балағы қысқа шалбары сол күйі үстінде киюлі екен.
Ал оның әйелі Муну ол кезде үйінде болмаған. Ол күйеуін питон жұтып алғанын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан суреттер мен видеодан бір-ақ білген.