jasqazaq.kz

Түркістан: Аңыздар — жасөспірім көзімен

31 мамыр 2025, 12:10

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістанда оқушылар арасында ерекше шығармашылық жоба ұйымдастырылды. «Аңыздар – жасөспірімдер көзімен» атты байқауда жас суретшілер Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыздарды бейнелеп, өз туындыларын көпшілік алдында қорғады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында балалар шығармашылығына арналған «Аңыздар – жасөспірімдер көзімен» жобасының қорытынды кезеңі өтті. Шара аясында жас суретшілер марапатталып, үздік жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің Қожа Ахмет Ясауи тұлғасын тереңірек танып, оның рухани мұрасын шығармашылық тұрғыда зерделеуіне мүмкіндік жасау. Жоба екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар жетекшілерімен бірге Қожа Ахмет Ясауиге қатысты бір аңызды таңдап, сол бойынша кейіпкердің бейнесін қағаз бетіне түсірді. Қорытынды кезеңде оқушылар өз жұмыстарын көпшілік алдында қорғап, шығармашылық презентация жасады.
Жобаға белсене қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандар қатарында Түркістан қаласындағы бірнеше білім беру ұйымының оқушылары бар.


М. Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектептен:
Абубәкір Айтқұл – «Сауран қамалы» тақырыбында жұмыс ұсынды (жетекшісі – Жадыра Сансызбай);
Жанерке Елемес – «Ибрахим шайық» тақырыбында (жетекшісі – Жәудір Құттыбай).
Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясынан:
Қайсар Асылбек – «Әмір Темірдің Әзірет Сұлтанға құрметі» (жетекшісі – Салтанат Танатарова);
Дулат Әбдіхалық – «Меккеде оқылған намаз» (жетекшісі – Дәулет Алимбетов);
Арман Қожабаев – «Қарашаш ана», «Құсшы ата» тақырыптарында сурет салды (жетекшісі – Гауһар Арысбаева).
Шара соңында қатысушылар мен ата-аналар музей-қорық ұжымына алғыс білдіріп, осындай жобалар жас ұрпақтың танымын кеңейтуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Бұл жобаның өткізілуі — тек көркем шығармашылықты дамытумен шектелмей, жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани тәрбие беруге бағытталған маңызды қадам. Осындай іс-шаралар арқылы балалар өз тарихына терең бойлап, ұлттық құндылықтарды заманауи көзқараспен қабылдайтын саналы азамат болып қалыптасуына жол ашылады.

Әлия БІЛДЕБЕКОВА,
Түркістан қаласы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі