jasqazaq.kz

Жасөспірімдерді азғыратын сайт жабылды

24 қыркүйек 2016, 13:17

Атырау қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандарды азғырып, жыныстық қатынасқа итермелейтін әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жасап жатыр. Осы сараптамалардың нәтижесінде кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынасты (порнографияны) тікелей насихаттайтын 8 веб-сайт пен «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі 11 топ бұғатталды.

Мамандардың айтуынша, аталған сайттар мен топтарда еркектер мен әйелдер, жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас ашық түрде көрсетілген, ал ол балалардың бір ой-өрісінің дамуына зиянын тигізеді. Осыған байланысты қалалық прокуратураның бастамасымен теріс пиғылдағы қоғамдастықтардың жұмысына шектеу қойылды. Мұндай әлеуметтік желілердің жұмысы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің пәрменімен тоқтатылды.

«Атырау қалалық прокуратурасы күнделікті әлеуметтік желілердегі осындай топтарды анықтап, олардың таратқан ақпараттары мен фото, аудио және бейне жазбаларына сараптама жасап отырады. Сонымен қатар суицидке үгіттейтін топтар бойынша да мониторинг жүргізіп отырамыз»,- дейді Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек Қанатбеков.

       Өткен айдағы мониторингтің қорытындысына сәйкес, бір ғана «В Контакте» әлеуметтік желісінде  суицидке итермелейтін 22 топтың бар екендігі анықталған болатын. Олардың барлығына шектеу қойылды. Аталған топтарда суицидті жасау әрекеттері және дарға асылу, тамырларын кесу және тағы да басқа  фото-бейне түсірілімдер мен өлімге итермелейтін мақалалар жарияланған.

«Талдау кезінде анықталғаны аталған топтардың негізгі мақсаты –жасөспірімдердің өмірге құштарлығын жойып, суицидке итермелеу. Мысалы Атырау облысы бойынша шамамен 1800 шақты жасөспірім аталған топтарға мүше болғаны және сол топтардағы мақалаларды өзінің жеке парақшаларына салып, достарымен бөліскені анықталды»,-дейді Атырау қаласы прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы Еркебұлан Ермеков.+

Прокуратура органдары алдағы уақытта да кәмелетке толмаған жасөспірімдерді теріс жолға, яғни өз-өзіне қол жұмсау, жыныстық қатынас жасауға насихаттайтын және теріс діни ағымдар мен лаңкесттік әрекеттерге итермелейтін сайттар мен әлеуметтік желілердегі топтарға сараптама жасап отырады. Мамандар бұл тұрғыда ата-аналардың да бала тәрбиесіне бей-жай қарамай,  жасөпірімдердің  бос уақытында немен айналысатындығына үнемі бақылау жасап отыру қажеттігін ескертеді.  

bnews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде