jasqazaq.kz

Жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

23 тамыз 2016, 10:39

 

 

ава (5)

 

 

Маңғыстаудан Астанаға жете алмай, жол апатына түскен спортшылардың бірі өлім аузында жатыр. Он төрт жастағы жасөспірім төрт күннен бері әлі есін жиған жоқ.

 

Қатты соққыдан 13 жастағы жеткіншек пен көлік жүргізушісі де қайтыс болды, –  деп хабарлайды 31 арна.

Жетібай ауылының спортшылары дзюдодан облыс намысын қорғау үшін Астанаға алты адам болып барулары керек болған. Көлікте бір бапкер мен бес спортшы отырған. 13 жастағы спортшы мен жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Дәл сол күні Қарақия аудандық спорт бөлімі оларды тасымалдайтын арнайы автобус бөлмей, спортшылар теміржол вокзалына таксимен кеткен, – дейді ата-аналар.

«Неге сопровождение болмады, балаларды ауылдың таксиімен неге тасиды? Неге соның бәрі қадағаламайды басшылары?» – дейді ата-аналар.

Қарақия ауданы бойынша 900 спортшыға 20 орындық тек бір ғана микроавтобус бөлінген. Ал бір күнде кем дегенде, екі-үш команда жарысқа қатысу үшін жолға шығады екен. Оқиға болатын күні жалғыз микроавтобус босамай, басқа ауылдың спортшыларына беріліпті.

Үш спортшы мен жаттықтырушы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайлары тұрақты екен. Ал 14 жастағы тағы бір жеткіншек әлі ес-түссіз өте ауыр халде жатыр дейді, –  дәрігерлер.

Дзюдошылардың жағдайын бақылауға алу үшін, тіпті Астанадан арнайы дәрігерлер шақыртылған.

«Астаналық дәрігерлер көрді. Жағдайы өте ауыр. 3-дәрежелі комда жатыр. Бас сүйегі сынған, миы қозғалған», – дейді балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Ешімова.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді Қарақия аудандық спорт бөлімінің басшысы мен спорт мектебінің директоры қызметтерінен кетуі мүмкін. Қазір олардан жауап алынып жатыр.

 

nur.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде