jasqazaq.kz

Жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят

29 қыркүйек 2023, 16:05

Тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желіде қыз бен жігіт шаңырақ көтерердің алдында түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, сырларымен бөліскені жөн деп есептейді.

«Аз сүйіс, көп сөйлес. Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізген – ұят емес. Мен өзімнің махаббатым – күйеуіммен үш жыл кездестім. Біреулерге ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселе қанша уақыт бірге өткергеніңде емес, бір-біріңді қаншалықты танып-білгеніңде. Кездесуге шақырғанда, менің күйеуімнің даналығы сол, ол маған болашақ кездесуіміздің тақырыбын алдын ала ұсынатын. Мысалы, ақша, бала, ата-ене, үй, дүние-мүлік, мінез-құлық, ұрыс-керіс, тіпті шұлыққа дейін. Өйткені мен шұлығын шешіп, тастап кететін жігіттерде жек көремін. Басында маған бұл біртүрлі көрінетін. Бірақ қазір соның рахатын көріп жүрмін. Сондықтан қымбатты сіңілілерім, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз. Сұрау – ұят емес. Басында «жаным» деп, кейін жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят», – дейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі