jasqazaq.kz

Жансерік ЖҰМАН: «Жастарға кеңес» – қоғамға керек жоба

04 шiлде 2023, 11:52

Бүгінде ел тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына септігі тиіп жатқан бағдарламалар көп. Солардың бірі – «AMANAT» партиясының «Jastar ruhy» жастар қанаты жыл басында іске қосқан «Жастарға кеңес» жобасы. Аталған жоба аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейді деп айтылған. Иісінше, кеңес беру жұмысына «Жастар Рухының» қызметкерлері, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Отбасы банк» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық сақтандыру қорының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, өңірлік білім басқармаларының және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары атсалысатыны белгілі болған. Осыған орай, жастарды толғандырған мәселелерді шешуге бағытталған бұл жоба Түркістан облысында қалай іске асырылып жатқаны туралы «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерікті сөзге тартып көрдік.

– Жансерік Бауыржанұлы, сізді өңір жастары жақсы таниды деп ойлаймын. Алдымен, өзіңіз және «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының жұмысы жайлы айтып өтсеңіз.

– Мен Түркістан облысында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. 2020 жылы «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалдым. Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы жанындағы жастар қанаты еліміздегі, өңіріміздегі жастардың мемлекеттік саясатқа араласуына мұрындық болу мақсатында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, біздің ұйым – жастардың негізгі мәселелерін шешуді мақсат еткен. Осы орайда жастарды дамытуға бағытталған көптеген жоба қолға алынып, бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» деген жоба бар. Тиісінше, біздің қатарымызға қосылған жастар жоба аясында қарияларға түрлі бағытта көмек көрсетіп жүр. Ал «Кедергісіз келешек» деп аталатын жоба арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы мәселелерге мониторинг жүргізіп, олардың да шешілуіне атсалысудамыз. Сондай-ақ біздің ұжым жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен тиімді мүмкіндіктерді замандастарымызға барынша түсіндіріп жатыр. Жастар арасындағы күрмеуі шешілмей келе жатқан проблемаларды мемлекеттік мекемелер, құзіретті органдар, партия фракциясы және партия жанындағы жастарды қолдау комиссияларының алдында көтеріп, түйінін тарқату жұмыстарын да атқарамыз. Оған қоса, біздің жастарымыз мемлекет саясаты мен саяси реформаларды нәтижелі жүзеге асыруға да септігін тигізуде.

– «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының негізгі қозғаушы күші кімдер?

– Біздің ұжымның басым бөлігі өңіріміздің дамуына атсалыссам деп жүрген еріктілер десем қателеспеймін. Тиісінше, жастарымыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, сенбіліктер мен экологиялық акциялардың өтуіне, қосымша жұмыс ретінде партиялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етуде.

– Қазір іске асырылып жатқан «Жастарға кеңес» жобасының мақсат-міндеті қандай?

– Иә, біз жыл басынан бері ел көлемінде бастау алған «Жастарға кеңес» жобасын іске асырып жатырмыз. Жобаның негізгі мақсат-міндетіне тоқталар болсақ, біріншіден – жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алып, екі қолға бір күрек таппай жүрген замандастарымыздың санын азайту. Екіншіден – баспанасыз жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді кеңінен түсіндіру. Үшіншіден – жастарымыздың құқықтық және саяси сауатын арттыру бағытында кеңес беру. Сонымен қатар, бос жұмыс орындарын ұсынып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы түсінік беріледі. Одан бөлек, «Отбасы банк» АҚ өкілдерімен кездесу өткізу арқылы тұрғын үйдің алғашқы жарнасын құю сынды тақырыптар бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілдері, «Жастар ресурстық орталығының» психологтары, кеңесшілер мен адвокаттар да жобаға тартылып келеді.

– Осы уақытқа дейін жоба аясында қол жеткізілген көрсеткіштерді атап өтіңізші?

– Бұл жоба негізі 2020 жылы басталған. Ол кезде базарларда жастарға кеңес берілетін. Дегенмен, биылғы жылдың басында жоба жаңғыртылып, аясы кеңейді. Себебі, соңғы жылдары мектеп бітірушілер де, жоғарғы оқу орнын бітіруші мамандардың да саны көбейді. Тиісінше, жоба аясында Түркістан облысының жастарын қамту көрсеткіші өте жоғары. Атап өтсек, жоба аясындағы кездесулер әр екі аптаның бейсенбі күні өткізілетін болса, ол іс-шараларға жүзден астам жас қатысып, өз өтініштері бойынша жүгінуде. Тағы бір айта кетерлігі – қазіргі таңда жас мамандардың көбеюіне байланысты жобаның «Жастарға жұмыс» деген екінші бағыты қолға алынған. Яғни, мемлкеттік мекемелер мен құзіретті органдардан бөлек, жеке секторға жататын кәсіпорындардың өкілдері де кездесулерге қатысып, жастарға жұмыс орнын ұсынуда. Нәтижесінде соңғы екі ай бойы жүргізілген жұмыстар аясында 300-ден астам жас қамтылып, мәселелерін шешу бойынша кеңестер алды. Олардың арасында өздеріне қолайлы жұмыс тауып жатқандары да бар. Қорыта айтсақ, «Жастарға кеңес» — бүгінгі жастарға ауадай қажет жоба.

– Әңгімеңізге рахмет!

Бауыржан Мейірханұлы,
Түркістан қаласы.

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее