jasqazaq.kz

Жансая Әбдімәлік Еуразиядағы ең сұлу шахматшы қыз

03 ақпан 2017, 11:31

Miss Chess Eurasia 2017 байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан қатарлы бірнеше мемлекеттен 20-ға жуық жас шахматшы арулар қатысқан. Конкурста Қазақстанның жас гроссмейстері Жансая Әбдімәлік топ жарды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Жерлесіміз 9136 дауыс жинап топ жарса, өзбекстандық халықаралық спорт мастері Сарвиноз Курбонбоева 7848 дауыс жинап екінші орын болды. Ал тәжікстандық шахматшы қыз Мутриба Хотами 653 дауыспен үшінші орынға тұрақтады.

Биыл 17 жасқа толған Жансая 14 жасында гроссмейстер атанған.

Сонымен қатар ол 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған — Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті — вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте — 43.5, ал Челсиде — 42.5.) Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде