jasqazaq.kz

Жанқош Тұраров зорлады деп айып таққан қыз болған оқиға туралы айтып берді

23 тамыз 2024, 16:56

Боксшы Жанқош Тұраровқа зорлады деп айып таққан қыз бүгін ақпарат құралдарын шақырып, сұхбат берді. Жәбірленуші Әнару Құрманәлінің айтуынша, спортшы бірнеше жыл үйленемін деп алдап келген. «Соңғы кездесу зорлықпен аяқталды» деген ол денесіндегі көгерген жарақаттарын көрсетті. Екі-үш күн бұрын әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған Жанқош Тұраров содан бері үнсіз. Кеше келіншегі «бізде бәрі дұрыс» деп жазды.

Бүгін журналистерге сұхбат берген Әнару Құрманәлі мәселенің мән-жайын жайып салды. Ол белгілі боксшы Жанқош Тұраровты 6 жылдан бері таниды екен. Өзінің айтуынша, спортшы екеуінің арасында ғашықтық сезім болған.

«Осы кезге дейін артымнан жүгіріп, тіпті ұл туып беруімді сұрады», — дейді. Бастапқыда Жанқоштың әйелі мен балалары барынан хабарсыз болыпты. Ал 12 тамызда жыныстық қатынасқа еркімнен тыс мәжбүрледі дейді.

«Қарсыластым, күшпен ұстап, кәдімгідей қысып тұрып, қылқындырып, мойнымнан ұстап тұрып, шашымнан тартып… Оған дейін де қанша уақытан бері ол менің артымнан аңдып, қай жақта жүрсем де менің артымнан іздеп келіп жүрді. Жанқоштың әйелі барлығын білмеген, бірақ жартылай білген ғой бұл жағдай туралы негізі», — дейді бойжеткен.

Боксшының үстінен полицияға арыз жазған қыз оның жазаланғанын қалайды. Әнарудың айтуынша, тергеу кезінде Жанқош Тұраров кешірім сұрап, 2 миллион теңге ұсынған көрінеді.

JQ-Aqparat

Сурет және видео: Azattyq-ruhy.kz

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі