jasqazaq.kz

Жаңғырық: экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

04 сәуiр 2025, 11:58

Өткен жылғы мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі бірнеше жыл күйеуінен жәбір көргенін айтып, шу көтерген болатын. Көп ұзамай дипломат жұмыстан шығарылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бір жылға жуық уақыт өткенде Сәкен Мамаштың әйелін жүйелі түрде ұрғаны дәлелденді. Астана қаласының полиция департаменті хабарламасында:
«Өткен жылы бұрынғы елші кеңесшісіне қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар кешені жүргізілді», — делінген.
Тергеу және сараптама нәтижесінде экс-дипломаттың ісіне қатысты біраз дәлел жиналған. Полиция департаменті мәлімдегендей, тергеу нәтижесі бойынша күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі