jasqazaq.kz

Жанболат пен Жазира: Үйде тамақтың жоқтығын білдірмедік

27 маусым 2023, 10:11


Отандық бағдарламаға сұхбат берген әнші Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова отбасылық өмірде көрген қиындықтарын мен кафелерде ән айтқан кездерін еске алды.

«Қиыншылық отбасын құрған кезде басталды. Жауапкершілік болғаннан соң, күн-түн демей жұмыс істедік. «Сайран» автовокзалында күндіз грузчик болып жұмыс істейміз. Кешке кафеде ән айтамыз. Сөйтіп жетістікке жеттік қой. Пәтерімізді алдық. Ән жаздырттық, аппаратура алдық, сахнаға шықтық», — дейді Жанболат Ербатыров. Әншінің жұбайы Жазира отбасылық өмірдің алғашқы жылдарындағы жоқшылық кезеңдерге тоқталды. «Таңғы бесте тұрып, грузчик болатын. Кешке алтыда келіп, асығыс тамағын ішеді. Сосын кафеге ән айтуға барамыз жетіде. Мен де жұмыс іздеп, әр ресторанға бас сұғамын. Ыдыс жуушы болсам да істегім келетін. Жанболат оқушылар сарайында гитарадан сабақ та берді. Бос уақыт болмайтын. Ал ол жерде алты-жеті айлық жоқ.. Әпкеміздің үйіне барамыз. Бірақ бізде намыс мықты болатын. Ешкімге жоқтығымызды білдірмедік», — дейді Жазира Байырбекова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі