jasqazaq.kz

Жанат Бақыт Ленинмен тілдесті

02 мамыр 2023, 12:28

Журналист Жанат Бақыт әлеуметтік желіде Әлихан Бөкейхановпен, Ленинмен қалай тілдескендігі туралы жазды.

«Мен басты алып, денесімен бірге жерлеймін дедім. Бар қалауым сол еді… Алайда басты қолыма алған сәттен бастап бәрі өзгерді! Лениннің құйтырқы өз жоспары болыпты… «Екеуміз басты алып Еуропаға барамыз» деді Ленин қулана күліп. Амалсыз келістім… Әлихан іші сездііііі. Сенбеді. Хан Кененің басын қысып ұстаған күйі бергісі келмеді. Әлихан шарасыз еді. Нағыз бейшараның күнін кешеді. Амалсыз Хан Кененің басын Михаиловтың қолына ұстатуға мәжбүр болды. Михаилов жымысқы жүзімен бір қарап, басты алып жоқ болады. Жан-дүниесі қан жылаған Әлихан қараңғы, суық қапаста жалғыз қалады… Сол кезде ашуға булыққан Әлихан бір күні Лениннің алдына барады. Сен, ит, неге уәдеңді орындамайсың, а? дейді ашудан қалш-қалш етіп. Мен саған уәде беріп пе едім? Дәлелің бар ма? дейді Ленин мысқылдап. Әлихан Ленинді тоқтаусыз тепкінің астына алады. Тебе берді, ұра берді. Тебе берді. «Атамыз, Бабамыз» деп жүрген Лениннің быт-шытын шығара тепкен?» деп кеңседе отырғандар орындарынан қозғала алмай қалды. Ленин: Әлихан, аяғымды сүйсең біреуін босатамын. Жақсылаааап ойлаааан, дейді ыржыңдап.
Амал жоқ… Әлихан Лениннің аяғын сүйеді де, Ахметті босатуын өтінеді», — деді жазба иесі.
Жанат Бақыттың бұл жазбасына желі қолданушыларының бірі күліп, бірі жағасын ұстап жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі