jasqazaq.kz

Жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

12 шiлде 2023, 18:24

Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкентте ілкімді істер жүзеге асырылып отыр. Қуантарлығы, қалада түрлі патологияларды уақтылы анықтау, мүгедектіктің алдын алу, уақтылы сауықтыру мақсатында жоспарлы 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті скринингтермен қамтудың жалпы көрсеткіші 96,7 пайызға жетті. Жылдық жоспарға сәйкес, неонаталдық скринингпен — 98,1 пайыз, аудиологиялық скринингпен – 89,2 пайыз, психофизикалық даму скринингімен – 99,4 пайыз, офтальмологиялық скринингпен – 100 пайыз қамту көзделген.

Сонымен қатар, Шымкентте 10 медициналық ұйымда балаларға қалпына келтіру және оңалту емі көрсетіледі. 2023 жылдың 4 айында оңалтудан өткендердің 32,6 пайызы, яғни 760-ы мүмкіндігі шектеулі бала. Шымкент қалалық денсаулық басқармасының 2023 жылға арналған жоспарында 35% қамту көзделген. Өткен жылы оңалту емін 682 ерекше бала қабылдап, 33,3 пайызды құраған. Оның ішінде церебральды сал ауруы диагнозымен тіркелген 303 бүлдіршін бар.

Шаһардағы балаларға арналған оңалту орталықтары кәсіби білігі жоғары мамандармен қамтылған. 2023 жылы №2 оңалту орталығының базасында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Бүгінге дейін мұнда 23 бала қалпына келтіру емінен өтті.

Күрделі жөндеуден өткен Шымкенттегі №2 Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.Бүгінде озық үлгіде жаңартылған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алыпты.

Орталықта неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог қызметтері көрсетіледі.

Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде