
Мозамбикте жанармай тасығыш көліктің жарылуы салдарынан 73 адам қаза тауып, тағы 100-ден аса адам жараланды. Бұл туралы Мозамбик үкіметіне сілтеме берген AP хабарлайды.
Оқиға барысында жүк көлігі апатқа ұшырап, аударылып қалған. Мұны көрген жақын маңдағы жұрт көліктің танкеріндегі бензинді құйып алу үшін оқиға орнына жаппай жүгіріп барған. Сол кезде көлік жарылып, бірнеше ондаған адамның өмірін қиып кетті. Ақпаратқа сәйкес, жанармай көлігі көршілес Малави Республикасынан қайтып келе жатқанда апатқа ұшыраған.