jasqazaq.kz

Жаңаөзеннен келген жұмысшылар ұсынылған жұмыс орнынан бас тартты

11 сәуiр 2023, 15:42

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы Ерхан Омаров бастаған арнайы құрылған байланыс тобының мамандары Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылармен келіссөз жүргізді.
Жаңаөзеннен келген жұмысшылар энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Олар — ҚМГ-нің еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері.
ҚМГ мамандарымен бірге келіссөзге «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС және «Ai-Bis» ЖШС (тендерде жеңіске жеткен компания) басшылығы да қатысады. Жұмысшыларға жалақысын сақтай отырып, «Ai-Bis» ЖШС және «Кезби» ЖШС (мұнай сервис қызметтерін көрсетеді) компанияларына жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Жұмысшылар басқа компанияға ауысқан кезде олардың бұрынғы еңбек жағдайы, соның ішінде жалақы мөлшері мен әлеуметтік пакеті сақталуы керек. Тендер қорытындысы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ мердігері атанған компанияға осындай міндет қойып отырмыз. Алайда құқықтық рәсімдерге сай әрекет ету керек, жұмысшылар мұны түсінуі қажет, — деп атап өтті ҚМГ аппаратының басшысы Ерхан Омаров келіссөз барысында.
«БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері «Өзенмұнайгазға» жұмысқа тұрғызуды талап етіп, ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартты.
Жиналған мұнайшыларға «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына қабылданған құқықтық рәсімдерді айналып өтіп, жұмысқа орналасу жөніндегі талап заңсыз екенін түсіндірді. Бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді.
Бұл ережелер моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданған болатын.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура