jasqazaq.kz

Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың біразы былтыр басқа компанияның мүддесін қорғаған

19 сәуiр 2023, 17:08

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығы туралы пікірін айтты. «Бұл жолы келген мұнайшылардың 19-ы былтыр біздің ғимараттың алдына келіп, басқа бір компанияның мүддесін қорғап кеткен болатын. Биыл одан басқа компанияның мүддесін қорғауға келіпті. Былтыр оларды жұмыстан шығарып тастаған компания биыл оларды жұмысқа алуға ниет білдірді. Бұлар ғана емес, біз басшыларын кездесуге шақырған 2-3 компанияны да мысал ретінде айта алам. Менің ойымша, бұл кикілжіңнің конструктивті сипаты жоқ. Тендерге қатысушы тарап пен «Өзенмұнайгаз» арасында қайшылық бар», — деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев бұл мәселе заң аясында шешілуі керектігін айтты.
«Ол конкурсқа 7 ұйым қатысқан. Соның ішінде Астанаға келген мұнайшылар сөзін сөйлеп жүрген компания ең жоғары баға ұсынған. Сондықтан басқа компания жеңіске жетті. Ал әлгі компания «Самұрық-Қазынаға» жүгінді. «Самұрық-Қазына» соның негізінде тексеру жүргізіп, конкурс заңды өткені туралы қорытынды шығарды. Дегенмен «Өзенмұнайгаз» тендерді ұтқан компания мен ереуілге келген мұнайшылар арасында келіссөз жүргізді. Келіссөз әлі жүріп жатыр. Бірақ ол адамдар ұсынған жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Бұл түрлі ойға жетелейді. Шынымен жұмыс керек болса, ұсынған шартқа келісіңіздер. Оның үстіне 3 жылдық еңбек шартын ұсынатынымызды айтып отырмыз», — дейді «ҚазМұнайГаз» басшысы.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура