
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан келген бір топ мұнайшылар талаптарын айтып эергетика министрлігінің ғимараты алдында түнеген болатын. Кеше күштік құрылым өкілдері «заңсыз митингке шыққан» мұнайшыларды елорданың полиция бөлімшелеріне жеткізген болатын. «ҚазМұнайГаз» компаниясы қамауға алынған мұнайшылар босатылып, бүгін Жаңөзенге пойызбен кеткенін хабарлады.
«ҚМГ байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына «Бер Әлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді. Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті», — деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі. Талаптарын қоюға Астанаға келген мұнайшылар теміржол возкалынан бейнеүндеу жолдап, барлық қолдаушыларға алғысын жеткізіп, Жаңаөзенге қайтқалы жатқанын айтты.
JQ-Aqparat