jasqazaq.kz

Жаңаөзен жұмысшыларының талабы бойынша шешім әзірленіп жатыр

11 сәуiр 2023, 13:59

Энергетика министрлігі Астанаға келіп, ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары бойынша ресми шешім әзірлеп жатыр. Бұл туралы министр Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, бірнеше талаптың ішінде «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнына жұмысқа тұрғызып беру және бұған дейін өткен тендердің күшін жою талаптары қойылған.
«Жалпы, олармен диалог ұйымдастырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, энергетика министрлігінің департамент директорлары болды. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда ахуалды бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салсақ, «Бералы Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанаға келіп, кешеден бері тендерден ұтылған компанияның жұмыссыз қалған қызметкерлерінің мәселесін шешу бойынша өз талаптарын қоюда.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура